Created: 10 Наурыз 2020
148

Көкшетау техникалық институтында құқықтық мәселелер бойынша іс-шара өткізілді

Еріктілер жылы аясында ағымдағы жылдың 3 наурызында Ақмола облысының Әділет департаменті ерікті-студенттердің, заң консультанттардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтында құқықтық мәселелер бойынша іс-шара өткізілді.

 

Іс-шара барысында мекеме қызметкерлерінен, курсанттардан зияткерлік меншік саласында, атап айтқанда Авторлық құқықты тіркеу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында, алименттерді өндіріп алу, екінші деңгейдегі банктердегі шоттардан тыйым салуды алу мәселелері бойынша сауалдар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.

 

Институттын тұрақты қызметкерлерімен келесі кездесу наурыз айының 10 күні откізуге жоспарланып отыр.

 

Ақмола облысының

Заң консультанттары палатасының

баспасөз қызметі