Created: 10 Қараша 2022
63

Ш.Уалиханов атындағы КМУ кездесу 14.10.2022

2022 жылғы 14 қазанда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттерімен «Қазақстан заңгерлер одағы» РБҚ Ақмола филиалының төрағасы, «Адал сайлау үшін» азаматтық штабының басшысы Б.Қ.Сұлтановпен, Көкшетау қалалық мәсліхатының депутаты С.Е. Бекишевпен кездесу өтті.

Белсенді әңгіме барысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы және оны іске асыру жөніндегі міндеттері талқыланды. Алдағы кезектен тыс сайлауда жастардың конституциялық-құқықтық дамуын және белсенді азаматтық ұстанымын іске асырудағы рөлі атап өтілді. «Адал сайлау үшін» штабының басшысы Б.Қ.Сұлтанов Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына, Президент сайлауының бір бөлігіне жаңа түзетулер туралы айтып берді.