2023 жылғы 14 наурызды "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының мүшелері М.Б.Сәуірбаев пен Ә.С.Шахметова "Әділ сайлау үшін" заңгерлер штабының консультативтік тобының қатысушысы ретінде «Асыл Аналар» қоғамдық бірлестігі мүшелеріне (көп балалы аналар) сайлау құқығының өзекті мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, "Белсенді сайлау – дұрыс таңдау" тақырыбында сөз сөйледі.
Спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын білдірді.
https://zanpalata-akmola.kz/kz/zhanalyktar/180-aza-stan-za-gerler-oda-y-3#sigFreeId1454d0231e