Created: 16 Қыркүйек 2025
15

«Тегін заң көмегін көрсету» атты акциясын өткізді.

2025 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Ақмола облысы Әділет департаменті облыстық Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен сондай-ақ, Ақмола облысының адвокаттар алқасы және нотариаттық, жеке сот орындаушылар мен заң консультанттар палаталарының өкілдерімен бірлесіп, Көкшетау қаласының «РИО» сауда - сауықтыру орталығында «Тегін заң көмегін көрсету» атты акциясын өткізді.
Акция барысында барлық жүгінген азаматтарға адвокаттармен, жеке сот орындаушылар және нотариустар, заң консультанттарымен білікті құқықтық көмек көрсетілді.
Ақмола заң палатасы өкілімен жүгінген азаматтарға цифрлық көмекшісін (чат-бот) қолдана отыра заң көмегін алу мүмкіндігі туралы ақпарат беріп, кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу бойынша ақпарат ұсынылды.

Ақмола облысы
Заң консультанттары палатасының
баспасөз қызметі