Created: 20 Ақпан 2026
11

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А. З. Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Красный Яр аулының №2 жалпы білім беретін мектебінің еңбек ұжымымен кездесуіне қатысты.
Ашық диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың елдің одан әрі дамуы, әділеттілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы маңызы түсіндірілді.
Педагогикалық ұжым талқылауға белсенді қатысып өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтіп, әрбір азаматтың қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңыздылығын көрсетті.