Created: 20 Ақпан 2026
10

Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Мәдениет ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Мәдениет ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Ашық және мазмұнды диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін негізгі өзгерістер, олардын әділдік, әлеуметтік жауапкершілік қағидаларын нығайтуға және жергілікті қауымдастықтарды дамытуға әсері талқыланды. Арнайы назар тұрғындарға тең мүмкіндіктер жасау, жергілікті бастамаларды қолдану және ауылдағы өмір мен жұмысты қолайлы жағдайға келтіру мәселелеріне аударылды.
Тұрғындар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарын қойып, өз үсынастары мен тәжірибелерімен бөлісті. Бұл өзгерістердің мәні мен күнделікті өмірге әсерін толық түсінуге мүмкіндік берді.
Кездесу конструктивті және достық атмосферада өтті, бұл тұрғындармен тікелей диалог жүргізудің және азаматтардың қоғамдық маңызды процестерге белсенді қатысуының маңыздылығын атап көрсетті.