2026 жылғы 20 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Қосшы қаласындағы «АСИ» қазандығының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Конституцияның негізгі ережелері, оның әлеуметтік бағыттылығы және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды құрудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды.
Еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік сала қызметкерлерінің өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазандық қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын койып, пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарының үнін естуге және адамдардың нақты сұраныстарына негізделген күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз күшті, әділетті және әлеуметтік бағдарланған мемлекет құра аламыз.
https://zanpalata-akmola.kz/kz/zhanalyktar/237-diletti-zh-ne-progressivti-aza-stanny-khaly-ty-konstitutsiyasy-shin#sigFreeId7ac543aa0c

