Created: 24 Ақпан 2026
8

Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы

2026 жылғы 23 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Сандықтау ауданының Каменка ауылының агротехникалық колледжі ұжымымен кездесу өткізді.

Ашық әрі мазмұнды диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін негізгі өзгерістер, олардын білім беру саласын дамытуға, әлеуметтік әділеттілік азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы маңызы талқыланды. Кездесуге қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлері мен  үсыныстарымен бөлісті. Бұл өзгерістердің мәні мен олардың күнделікті өмірге ықпалын жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді.

Кездесі конструктивті және достық жағдайда өтіп, жастармен тікелей байланыс орнатудың және студенттердің елдегі қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңыздылығын айқындады.