2026 жылғы 23 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшелері Г.С.Сайдалина мен В.Г.Ломакин "AMANAT" партиясының және Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Степногорск қаласының Жоғары колледжі еңбек ұжымымен және студенттермен кездесу өткізді.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау қатысты.
Заң кеңесшісі Г.С.Сайдалина өз сөзінде Конституция саяси жүйенің архитектурасын қалыптастыратынын және мемлекет пен азаматтар арасындағы өзара іс-қимыл ережелерін белгілейтінін атап өтті. Жаңа конституция жобасын қолдау-бұл құқықтық мемлекетті нығайтуға саналы үлес.
Ашық әрі мазмұнды диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін негізгі өзгерістер, олардын білім беру саласын дамытуға, әлеуметтік әділеттілік азаматтық жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы маңызы талқыланды. Кездесуге қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлері мен үсыныстарымен бөлісті. Бұл өзгерістердің мәні мен олардың күнделікті өмірге ықпалын жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді.
Кездесі конструктивті және достық жағдайда өтіп, жастармен тікелей байланыс орнатудың және студенттердің елдегі қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңыздылығын айқындады.
https://zanpalata-akmola.kz/kz/zhanalyktar/250-stepnogorsk-alasyny-zho-ary-kolledzhi-e-bek-zhymymen-zh-ne-studenttermen-kezdesu-tkizdi#sigFreeId0aca45b59e

