2026 жылғы 23 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшелері Г.С.Сайдалина мен В.Г.Ломакин "AMANAT" партиясының және Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Степногорск қаласының "Тау-кен химия комбинаты" ЖШС еңбек ұжымымен кездесуге қатысты.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау қатысты.
Заң кеңесшісі В.Г. Ломакин өз сөзінде Қазақстанның ондаған жылдардан кейін мықты, заманауи және бәсекеге қабілетті бола ма, жоқ па, азаматтық ұстанымға байланысты екенін атап өтті.
Еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік сала қызметкерлерінің өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Комбинат қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын койып, пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарының үнін естуге және адамдардың нақты сұраныстарына негізделген күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз күшті, әділетті және әлеуметтік бағдарланған мемлекет құра аламыз.
https://zanpalata-akmola.kz/kz/zhanalyktar/252-stepnogorsk-alasyny-tau-ken-khimiya-kombinaty-zhshs-e-bek-zhymymen-kezdesuge-atysty#sigFreeIdada12f37d9

