Created: 03 Наурыз 2026
13

Азаматтық ұстанымның бірлігі

2026 жылғы 3 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен «Қоғамдық Келісім»  қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі тақырыбы – Қазақстан Республикасы Конституциясяның ережелері және оның қоғам өміріндегі маңызы болды.

Кездесу барысында құқықтық мемлекетті нығайту, әділеттік қағидаттарын сақтау және елді жалпыұлттық құндылықтар негізінде дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар конституциялық нормаларды іске асыруда бірлік пен белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығын атам өтті.

Іс-шара іскерлік әрі конструктивті жағдайда өтті. Тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты  жалғастыруға және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді одан әрі күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.