Created: 03 Наурыз 2026
13

2026 жылғы 3 наурызында Республиқалық заң консультанттары «Қазпошта» АҚ Ақмола облысы филиалының еңбек ұжымымен кездесуге қатысты

2026 жылғы 3 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі Қ.С.Шигитаев Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен «Қазпошта» АҚ Ақмола облысы филиалының еңбек ұжымымен кездесуге қатысты.

Заң кеңесшісі Қ.С.Шигитаев өз сөзінде Қазақстанның ондаған жылдардан кейін мықты, заманауи және бәсекеге қабілетті бола ма, жоқ па, азаматтық ұстанымға байланысты екенін атап өтті.

Еңбек құқықтарын қорғау, лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік сала қызметкерлерінің өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. «Қазпошта» филиалының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын койып, пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарының үнін естуге және адамдардың нақты сұраныстарына негізделген күн тәртібін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз күшті, әділетті және әлеуметтік бағдарланған мемлекет құра аламыз.