2026 жылғы 5 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы аясында Аршалы ауданының Михайловка ауылындағы балабақша ұжымымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға жаңа конституцияның негізгі ережелері, оның құқықтық мемлекетті нығайтудағы, әділеттілікті қамтамасыз етудегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықиарын қорғаудағы, сондай-ақ жауапты әрі белсенді азаматтық қоғам қалыптастырудағы рөлі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар елдің әлеуметтік дамуына және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған өзгерістерге ерекше назар аударылды.

