Created: 05 Наурыз 2026
20

2026 жылғы 5 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін А.З.Тастамбеков Атбасар ауданының Есенкелді ауылының тұрғындарымен түсіндіру кездесуін өткізді

2026 жылғы 5 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы аясында Атбасар ауданының Есенкелді ауылының тұрғындарымен түсіндіру кездесуін өткізді.

Кездесу барысында халық Конституциясының негізгі ережелері, оның елді одан әрі дамыту, әділдік, заңдылық және әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктер қағидаттарын нығайту үшін маңызы егжей-тегжейлі баяндалды. Қатысушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық аумақтарды қолдау, Халықты жұмыспен қамту және өмір сүру сапасын арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесудің ашық форматы пікір алмасуға және әділ және прогрессивті Қазақстанды құруға бағытталған жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде қоғамды шоғырландырудың маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік берді.