2026 жылғы 6 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы аясында Атбасар ауданына қарасты Ақан Құрманов ауылының тұрғындарымен түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Халықтық Конституцияның негізгі ережелері жан-жақты талқыланып, оның елдің одан әрі дамыу, әділеттілік, заңдылық қағидаттарын нығайту және әрбір азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудегі маңызы түсіндірілді. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, ауылдық аумақтарды қолдау және өмір сапасын арттыру тақырыпьарын талқылауға мүмкіндік алды.
Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар пікір алмасып, Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды құру жолында қоғамды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

