2026 жылғы 11 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы аясында Атбасар ауданының Новомариновка ауылы тұрғындарымен түсіндіру жұмысын өткізді.
Кездесу барысында қатысушылырға Халықтық Конституцияның негізгі ережелері оның қоғамдағы әділеттілікті, заң үстемдігін және әр азамат үшін тең мүмкіндіктерді нығайтудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылдық аумақтарды қолдау, тұрғындардың өмір сапасын жақсарту және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Кездесу ашық форматта өтіп, ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай кездесулер қоғамның бірлігін нығайтып, азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды дамытуға ықпал етеді.
https://zanpalata-akmola.kz/kz/zhanalyktar/283-atbasar-audanyny-novomarinovka-auyly-t-r-yndarymen-t-sindiru-zh-mysyn-tkizdi#sigFreeIda41fc75cb8

