Created: 12 Наурыз 2026
9

Шантөбе кентіндегі «Жақсы жаңғыстау» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді

2026 жылғы 12 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшелері Қ.Ә.Ивахин пен А.З.Тастамбеков «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының Ақмола штабының мүшелерімен Шантөбе кентіндегі «Жақсы жаңғыстау» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылырға Халықтық Конституцияның негізгі ережелері оның елдің одан әрі дамуы үшін маңызы, әділеттік, заң үстемдігі және әрбір азаматқа тең мүмкіндіктер қағидаттарын нығайтудағы рөлі түсіндірілді. Сондай-ақ халықты әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру және азаматтардың өмір сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында ашық диалог өтіп, мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсібі қызметіне қатысты өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды.
Осындай кездесулер құқықтық мәдениетті арттыруға, қоғамдық диалогты нығайтуға және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды құру жолындағы жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде қоғамды біріктіруге ықпал етеді.