2026 жылғы 15 сәурінде Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі Қ.С.Шағитаев жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру бағытында Медиация кеңесінің мүшелерімен Көкшетаудағы «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен кездесіп, «Заң және тәртіп» тақырыбында ой бөлісті.
Кездесудің басты мақсаты – жас буынға құқықтық сауаттылықтың маңызын түсіндірі, согдай-ақ даулы мәселелерді сотқа жеткізбей, өркениетті долмен шешудің тиімді тетіктерін таныстыру болды.
Іс-шара барысында медиаторжың қоғамдығы рөлі, оның қызметінің ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Ақмола заң консультанттары палатасының және Медиация кеңесінің мүшесі Қ.С.Шағитаев нақты мысалдар келтіре отырып, жанжалдарды бейбіт долымент шешудің артықшылықтарын түсіндірді.
Шараны «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Жандос Шәріпов жүргізіп, кездесудің мазмұнды әрі ашық форматта өтуіне ықпал етті.
Жыин қорытындысында студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға, қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын орнықтыруға септігін тигізері сөзсіз.
https://zanpalata-akmola.kz/kz/zhanalyktar/289-2026-04-16-05-18-24#sigFreeIdd9d9975903

