ПРЕСС - РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушылары үшін 2026 жылғы 30 маусым-1 шілде аралығында адам құқықтарын қорғау саласында кәсіби білімді нығайтуға және практикалық тәжірибе алмасуға бағытталған оқыту семинары өтті.
Семинар аясында қатысушылар ҰАТ қызметінің өзекті мәселелерін, Конституциялық сот мүшелерінің ҰАТ қатысушыларымен өзара іс-қимылын талқылады. Семинарға қатысушылар азаптаудың алдын алу тетіктерін және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынастың өзге де түрлерін талқылады, сондай-ақ жабық мекемелердің мониторингінің үздік тәжірибелерін қарастырды.
Бағдарламаның ерекше оқиғасы 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына ұйымдастырылған сапар болды. Семинарға қатысушылар соттың қызметімен, оның Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етудегі және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлімен танысты. 1 шілде – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні, бұл құқық үстемдігі, заңдылық және адам құқықтарын қорғау қағидаттарының маңыздылығын атап өтті. Конституциялық Соттың Төрағасы Асимова Эльвира Әбілхасымқызымен кездесу өтті, ол қатысушыларға күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын табыс етті.
https://zanpalata-akmola.kz/kz/zhanalyktar/291-at-atysushylary-shin-2026-zhyl-y-30-mausym-1-shilde-o-ytu-seminary-tti#sigFreeId11bea7b954

