Created: 03 Шiлде 2026
25

ПРЕСС - РЕЛИЗ

2026 жылдың 2 шілдесінде Көкшетауда «Қоғамдық келісім» КММ ұйыдастыруымен «Гормолзавод» ЖШС еңбек ұжымында «Конституция –елдің ьұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында кездесу өтті. Жиында сөз сөйлеген Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі Қ.С.Шигитаев, Ата Заңның тәуелсіздігіміздің тірегі әрі қуқықтық жүйенің негізі екенін атап өтті. Заңға құрмет –әділетті қоғамның басты шарты екенін жеткізді. Сондай-ақ Конституциялық реформалардың мемлекеттік басқаруды жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын нығайтуға бағытталғаны айтылды. Іс-шарада Заң және тіртіп бейнеролигі көрсетіліп, еркін пікір алмасу өтті. Кездесуге 30 адам қатысты. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлаққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру, құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту мәселелері де қаралды.