2025 жылғы 31 қазан күні Көкшетау қаласында және Ақмола облысының барлық аудандарында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында республикалық «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты –азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, заңнаманың негізі нормаларын түсіндіру және халықтың білікті заң көмегіне қолжетімділігін қамтамасыз ету. Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың, олардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен облыстың құқықтық қауымдастығы –заң консультанттары, адвокаттар, нотариустар, және сот орындаушылары қатысты. Палатаның заң консультанттары азаматтарды жеке қабылдап білікті құқықтық кеңес берді, сондай-ақ олардаң құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл акция халықтың құқықтық санасын арттыруға, азаматтардың сенімін нығайтуға және мемлекет пен кәсібі заңгерлік қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосты.
https://zanpalata-akmola.kz/ru/allcategories-ru-ru/12-2018-12-18-06-54-54/227-press-reliz-4#sigFreeId6119c1f154

