2026 жылғы 24 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшелері С.А.Тыштыбаев пен Д.А.Жигало, Г.А.Ахимова "AMANAT" және В.Емцова Қазақстан Халық партиясының өкілдерімен бірлесіп Аршалы кенті №2 жалпы білім беретін мектебінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Конституцияның негізгі ережелері, оның әлеуметтік бағыттылығы және Әділетті әрі Прогрессивті Қазақстанды құрудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды.
Заң кеңесшісі С.А.Тыштыбаев өз сөзінде жаңа жобаның орталық идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация анықталғанын атап өтті. Білім беру және зияткерлік капитал. Жаңартылған Конституцияның 3-бабында адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде ресми танылатыны көрсетілгенін айтты. Жаңа Конституцияның 27 және 31-баптарына сәйкес әрбiр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауға құқығы бар. Мұғалімнің кәсіби қызметін құқықтық қорғау. Мемлекеттің жалпыға міндетті білім беру стандарттарын белгілеуі педагогикалық жұмыстың нақты және бірыңғай ережелерін қалыптастырады.
Ашық диалог барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған негізгі өзгерістер мен толықтырулар, олардың елдің одан әрі дамуы, әділеттілік және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтудағы маңызы түсіндірілді.
Педагогикалық ұжым талқылауға белсенді қатысып өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Кездесу конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтіп, әрбір азаматтың қоғамдық маңызы бар үдерістерге қатысуының маңыздылығын көрсетті.
https://zanpalata-akmola.kz/ru/allcategories-ru-ru/12-2018-12-18-06-54-54/258-m-alimni-k-sibi-yzmetin-y-ty-or-au#sigFreeId7871cdaa4d

