Создано: 26 февраля 2026
9

Салауатты әрі қуатты қоғам қалыптастыруда спорттың маңызы

2026 жылғы 24 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Красный Яр аулындағы «ҚЫЗЫЛ-ЖАР» спорт кешенінің ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу аясында әділдік, әлеуметтік жауапкершілік және елдің тұрақты дамуы қағидаттарын нығайтуға бағытталған бастаманың негізгі ережелері мен мақсаттары таныстырылды. Салауатты әрі қуатты қоғам қалыптастыруда спорттың маңызы мен белсенді азаматтық ұстанымның рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесу іскерлік әрі конструктивті жағдайда өтті. Өңірдің еңбек ұжымдарын ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын табады.