Создано: 27 февраля 2026
8

2026 жылғы 27 ақпанда Республиқалық заң консультанттары

2026 жылғы 27 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі Б.Қ.Пшенбаева "AMANAT" партиясының өкілі Айбек Силеухадыр мен Жарқаиын аудандық Мәдениет үйі мекемесінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Заң консультанты Б.К.Пшенбаева мәдениет қайраткерлері үшін Конституцияның жаңа жобасы шығармашылық еркіндігі мәдениеттің құндылығын мемлекеттік танумен және оны сақтау жөніндегі міндетпен ұштастырылатын неғұрлым орнықты және болжамды құқықтық орта жасайтынын атап өтті. Бұл креативті индустрияларды, қоғамдық мәдени бастамаларды және мемлекет пен шығармашылық қоғамдастық арасындағы диалогты дамыту мүмкіндіктерін күшейтеді.

Кездесу барысында Конституцияға енгізілген негізі түзетулердің мазмұны мен маңызы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді нақтылау, жергілікті басқару жүйесін жетілдіру және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жаңашылдықтар түсіндірілді.