2026 жылғы 27 ақпанда Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшесі А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға коалицияның негізгі бағыттары мен мақсаттары туралы кеңінен ақпарат беріліп, әділеттік, ашықтық және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бастамалардың басты қағидаттары түсіндірілді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерге және азаматтық белсенділіктің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Округ тұрғандары спикерлердің баяндамаларын мұқият тыңдап, өзара пікір алмасып, алдағы уақытта да осындай ашық диалогты жалғастыруға қызығушылық танытты. Мұндай кездесулер халықпен кері байланысты нығайтып, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.
https://zanpalata-akmola.kz/ru/allcategories-ru-ru/12-2018-12-18-06-54-54/268-266-2026-zhyl-y-27-a-panda-respubli-aly-za-konsultanttary1#sigFreeIdb68dec0609

