2026 жылғы 02 наурызында Республиқалық заң консультанттары алқасының құрамына кіретін (РЗКА) Ақмола заң консультанттары палатасының мұшелері Қ.Ә.Ивахин мен А.З.Тастамбеков Ақмола өңірлік «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы штабының мүшелерімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының №5510 әскері бөлімінің жеке құрамымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында елдің даму бағыттары, мемлекеттік саясаттың басымдықтары және конституциялық реформалардың әділетті әрі прогрессивті Қазақстанды одан әрі нығайтудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді. Қоғамдық тұрақтылық, азаматтық жауапкершілік және әрбір азаматтың мемлекет дамыуна қосатын үлесі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қатысушылары ашық диалог форматында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғам бірлігін нығайтуға және жалпыұлттық құндылықтар төңірегінде топтасуға ықпал етеді.
https://zanpalata-akmola.kz/ru/allcategories-ru-ru/12-2018-12-18-06-54-54/270-1#sigFreeIdc07ef0baa3

